Алматыда қар тазалауға мыңнан астам жұмысшы тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1 сәуір күні түстен кейін бастап жауаған қар түнгі сағат 3:00- де тоқтады, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.
None
None

Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 20-30, ал қалаға 6-8 см қар түсті.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберісіне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы қоспа себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 1 352 тонна материал пайдаланылды.

Тротуар, жаяу жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалтарыстарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жүргізіліп жатыр.

Қар тазалауға 503 арнайы техника, оның ішінде 127 құм шашатын техника бар, 1080 жұмысшы жұмылдырылған. Қала сыртына 1 344 текше метр қар шығарылды.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалауды тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін Алматыда күн бұлтты болады, ауық-ауық жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), түнде тұман түсіп, 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 3-5, түнде 0-2 аяз.

3 сәуірде көшпелі бұлт шығады, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 4-6 жылы, түнде 1-3 аяз.

4 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа 10-12 градусқа дейін жылынады.


Соңғы жаңалықтар