Алматыда қаржы нарығының жаһандануы туралы конфереция өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына арналған бұл шараны Sахо банк ұйымдастырып отыр. Конференцияның ашылу рәсіміне банктің негізін қалаушы және Бас директоры Ларс Кристенсен қатыспақ. Алғашқы мәжіліс «Дағдарыстан шығу құны - 2010 рефляция жылы» деген тақырыппен өтеді. Онда - макроэкономикалық көрсеткіштердің қалпына келуі; Қаржы нарығына көзқарас: оптимизм көбіршігін үрлеуді жалғастыру керек пе? Тұтыну бағаларының индексі және актив құнының динамикасы; Экономиканы одан ары ынталандырудағы мемлекеттің және Орталық банктердің рөлі; Дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы институттарына мемлекет пен Орталық банктердің ықпалы талқыланбақшы. Ал екінші мәжіліс «Тауарлық-шикізаттық нарықтар рөлін қайта бағалау» деген тақырыппен өтпек. Бұл жиында - Жаңа онжылдықтағы инвестициялық активтердің алғышарты және қайта бөлу; Инвесторлардың фокусын дәстүрлі активтерден тауарлық-шикізаттық құралдарға жылжыту; Халықаралық қаржы нарығындағы инновациялар мен жаңа ағымдар жан-жақты сөз болады деп жоспарланып отыр.