Алматыда кәсіпкер келіншекті ұрлап ақша бопсаламақ болған қылмыскерлер қолға түсті

АЛМАТЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда үй сатып алмақ болған кәсіпкер келіншекті ұрлап, одан ақша талап еткен қылмыскерлер қолға түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қылмыскерлер 36 жасар Айгүл есімді кәсіпкер келіншектің 2 бөлмелі пәтер сатып алмақ болғанын таныстарынан естіген. Олар қала орталығынан пәтерді жалға алып,  әйелді оны көруге шақырған. Пәтерді көруге келген келіншекті әлгілер байлап тастап, одан 20 мың доллар табуды талап еткен. Ақша алып келу үшін хабарласқан ағасы оның даусынан қобалжуды байқап, шұғыл полицияға хабарласқан», дейді қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса қауіпті қылмыстармен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Бақыт Қасабеков.

 Оның айтуынша, Айгүлді құтқару үшін ақша салынған сөмкені ағасымен бірге полиция қызметкерлері алып барған. Нәтижесінде қарақшылар қолға түсті. Қазір  біреуі уақытша оқшаулау изоляторына  қамалып, еш жерде тұрағы, жұмысы жоқ қалғандарына іздеу жарияланған.

Соңғы жаңалықтар