Алматыда кәсіпкерлік субъектілердің саны соңғы бір жылдың ішінде 12,7 пайызға өсті - А. Есімов

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қала басшысы өз сөзінде Алматыда шағын және орта бизнестің қарқынды дамып жатқандығын айта келе, қаланың Қазақстандағы ең белсенді бизнес-аймақ екендігін атап көрсетті.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 1 мамырына қарай, Алматыда белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 175 958 бірлікті құраған. Ал бұл, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайызға артық. Шағын және орта бизнес саласында еңбек етіп жүргендердің саны 460 050 адамды құрады. Бұл сегменттің шығарған өнімінің көлемі 3,3 трлн. теңгеге жетті. Осылайша, шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлес салмағы 2014 жылдың қорытындысы бойынша соңғы төрт жылда рекордтық көрсеткішке жетіп, 30 пайызды құрады.
«Алматыда экономиканың барлық секторы дамып жатыр. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 7,1 пайызды құрады. Ал үстіміздегі жылдың соңғы төрт айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы шикізаттық өңір болмаса да, бүкіл еліміз бойынша салықтық түсімнің 33 пайызын жинады», - деді А. Есімов.
Осыған байланысты, әкім Алматыда салықтық түсімнің рекордтық көрсеткішіне тек қана өндіріс көлемінің ұлғаюы арқасында ғана емес, көп жағдайда салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша үйлесімді әрекет жасаудың және экономиканы көлеңкеден шығарудың арқасында қол жеткізілді.
Кеңес барысында Ахметжан Есімов Алматы қаласының бақылау-қадағалау органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын шектейтін түйткілдерді жоюды, сондай-ақ заңнамалық тұрғыда талқылау үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстар топтамасын әзірлеуді тапсырды. Олардың ішінде шоттарды тұтқындау және салықтық жұмысбастылық коэффициентін қалыптастыру, отандық өнімдерді сауда желілеріне өткізу мәселесінде саудалық қызметті және кедергілерді реттеу тетіктері, шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасау және басқа да тақырыптар бойынша ұсыныстар бар.
Іскерлік Кеңестің мүшелері бұдан өзге арнайы жұмыс тобын құру мәселесін талқылады. Оның құрамына қызығушылық танытқан кәсіпкерлер мен монополист-компаниялардың өкілдері, сондай-ақ қаладағы мемлекеттік органдардың жетекшілері енетін болады.