Алматыда қатты жел тұрып, Әскери институттың жатақханасының шатыры «ұшты»

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Алматыда тұрған қатты жел Қорғаныс министрлігі Әскери институтының жатақхана шатырын ұшырып әкетті,

Алматыда  қатты жел  тұрып,   Әскери  институттың   жатақханасының  шатыры   «ұшты»
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, маусымның 3-і күні сағат 16.45-те оңтүстік-батыстан соққан қатты жел курсанттардың үшқабатты жатақханасының 550 шаршы метрдей ауданының шатырын ұшырып әкетті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.