14:22, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда қазақ күресінен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық турнир өтеді
АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда желтоқсанның 2-і күні "Достық" спорт кешенінде "Алматы қаласы Әкімінің жүлдесі үшін" ІІ рет ересектер арасында қазақ күресінен халықаралық турнир өтеді.

Егеменді еліміздің 20 жылдығына арналған спорттық мереке Алматы қаласының "Қазақ күресі" Ұлттық федерациясының ұйымдастыруымен және ҚР Спорт министрлігінің, "Нұр Отан" ХДП мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілмек.
Халықаралық дәрежедегі турнирге республикамыздың әр облысынан және шет мемлекеттерден балуандар келмек.
Сондай-ақ, аталмыш турнир аясында елу жастан асқан балуандар арасында "Түйе балуанды" анықтау сайысы өтеді.
Бас жүлдеге автокөлік тігілді. Барлық қатысушылар медальдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.