Алматыда қазақ күресінен республикалық чемпионат өтеді
Бұл жайында Жасұлан Жәнібек есімді әлеуметтік желі пайдаланушысы Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«21 мамырда Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде республикалық чемпионат өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген палуандар боз кілгемге шығады. Дүбірлі доданың құрметті қонақтары - «Қазақстан барысы» жобасының жеңімпаздары мен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров. Қазақстан мұсылмандары діни басқарасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өтетін айтулы шарада елімізге танымал өнерпаздар өнер көрсетеді», - делінген Жасұлан Жәнібек таратқан бейнероликте.