Алматыда Қазақстан аниматорлары қауымдастығы президентінің көрмесі өтеді

Бұл шара кезінде суретші, қазақ және әлем анимация өнері тарихы бойынша викторина өткізіп, жақсы жауап бергендерге шығармашылық туындыларын сыйға тарпақ.
Ғали (Сәлімғали) Қасымханұлы Мырзашевтың өнер әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар. Ол бұған дейін бүкілодақтық, халықаралық және республикалық көрмелерде жұртшылық назарына өз шығармаларын ұсынып, өнерсүйер қауымның ыстық ілтипатына бөленген еді. Атап айтқанда, соңғы онжылдықтың ішінде 2005 жылы Нью-Йорктағы 402 және 2/20 галереялар музейінде дербес көрмелері өтті. Сондай-ақ 2005 жылы Нью-Йорктегі Корг галереясындағы «Суретші үні» ұжымдық көрмесінде, 2007 жылы Лондондағы Қазақстан суретшілері көрмесінде, 2008 жылы Манхэттендегі 235-галереядағы және Алматыдағы Әбілхан Қастеев мұражайындағы халықаралық көрмелерге қатысты.