Алматыда Қазақстан қамқоршылар одағының бірінші конференциясы өтті

trong>Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -   Қазақстанда өсіп жатқан 46 126 жетім балалардың 28 113-і қазақстандық жан ұялардың қамқорлығында тәрбиеленуде. 

Алматыда Қазақстан қамқоршылар одағының бірінші конференциясы өтті

 204-і әлеуметтік қорғау ұйымдарында өсуде. Бұл туралы бүгінАлматыда Қазақстан қамқоршылар одағының бірінші конференциясында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын  қорғау комитеті  балаларға  көмек көрсету және қамқорлық басқармасының басшысы Мәншүк Әбдікәрім айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде барлығы 50 000-дай балалар асырап алынып, толыққанды отбасы мүшесіндей қазақстандық жанұяларда тәрбиеленуде. Әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан 16 008 балалардың 3000-ы жетім балалар, ал қалғаны ата-ана құқығынан айырылғандардың балалары», деді Мәншүк Әбдікәрім.

«Біздің елде жетім балалар болмауы керек. Соғыс уақытында да біз жетім балаларды  қаңғыртқанымыз жоқ. Туыстары алды. Ал, қазір егемендігімізді алған уақытта  жетім балаларды, тастанды балаларды болдыртпау үшін жұмыла жұмыс атқаруға міндеттіміз. Мен жеке меншік үйлердің болуын қолдаймын, өйткені, ол балалар жанұяда тәрбиеленеді. Үйдің ыстығына да, суығына да үйреніп, бір үйдің балаларындай өседі. Өз тәжірибемде 12 жылда 110 бала өсіріп отырмын, маған халық, демеушілер  көмектеседі», дейді Талғар қаласының «Нұр» қайырымдылық балалар үйінің директоры Тұяқ Есқожина.      «Қазақстан қамқоршылар одағы» - «Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен  биылғы жылдың қыркүйек айында  құрылған. Одақтың  мақсаты -  қамқоршылық отбасыларында тәрбиеленуші  жетім балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауда қамқоршылардың бірлескен әрекетін нығайту,  қамқоршылар бастамаларын  үкіметтік емес ұйымдардың  жетім балалардың мүдделері үшін  бірлескен құқықтық қызметіне  енгізу,  мемлекеттік органдар тарапынан қамқоршылық қызметін қолдауға ықпал етуді күшейту болып табылады.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын  қорғау комитеті мен  Алматы қаласы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдау көрсетуімен,   және «Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі мен  «Қазақстан қамқоршылар одағы» қоғамдық қоры  бірлесе ұйымдастыруымен өтті.