Алматыда Қазақстандағы білім беру мен педагогика мәселелері туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді

МАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 29 қарашада «Тәуелсіз Қазақстандағы білім беру мен педагогика» деп аталатын республикалық дөңгелек үстел жиыны болады.

Алматыда Қазақстандағы білім беру мен педагогика мәселелері туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасы ұйымдастырып отыр. Мақсат - еліміздегі барысында білім беру саласындағы инновациялар мен реформаларға педагогикалық талдау жасау.

Онда мына мәселелер қаралады деп жоспарлануда: республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында жоғары білім беру рөлін талқылау; Жаһандану әлеміндегі қоғамның қазіргі даму кезеңінде Қазақстан Республикасындағы педагогика ғылымының қазіргі күйін бағалау; Жоғары оқу орындары арасында педагогикалық инновациялар мен білімдерін алмасуға септігін тигізу; Тәуелсіз Қазақстандағы педагогика ғылымы мен білім беру дамуының болашағын, ұсынылған жолдарын жүзеге асыру қисынын талқылау.

Бұл жиынға Францияның Nice-Sophia Antipolis университетінен макроэкономика саласында философия докторы Ирина Сысоева-Массон, Ресейден Нижегородск білім беруді дамыту институты педагогика және андрогогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының докторы Юрий Мануйловмейман ретіндеқатыспақ.