Алматыда Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына арналған халықаралық конференция өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасы дәстүрлі ІХ Мұстафин саясаттанулық оқулары аясында «Әлемдік ықпалдастық үдерістерінің даму шартындағы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 75 жылдығына арналған конференция барысында халықаралық ұйымдарға қатысудағы сыртқы саясаттың негізгі міндеттері, қызметі мен басымдықтары, қазіргі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, әлемдік білім кеңістігіндегі білім беру саясаты мен Қазақстанның ықпалдасуы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуропаға жол» жобасының орындалуы, «Нұр Отан» ХДП XII съезіндегі айтылған өзекті мәселелер сөз болды. Конференция жұмысына ішкі және сыртқы саясатты зерттеуші отандық және шетелдік мамандар, ғалымдар, сарапшылар қатысты.Саясаттану және философия факультетінің деканы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зәуре Шәукенованың айтуынша, дәстүрлі Мұстафин оқулары Қазақстанның саясаттану ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосуда.
Соңғы жаңалықтар