Алматыда Қазақстанның мәдени өмірінде ерекше мәні бар оқиға өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Қазақстанның мәдени өмірінде ерекше мәні бар оқиға өтіп жатыр. Бұл ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінің «Жібек жолы» сериялық аталымының 5-ші аймақтық семинарына қатысушыларға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жолдаған құттықтау хатта айтылған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпаратҚазақстан тәуелсіз ел ретінде БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымына (ЮНЕСКО) 1992 жылы мүше болғанын еске салған Мұхтар Абрарұлы, бұл шараны біздің еліміздің мәдени өміріндегі ерекше мәні бар оқиға деп бағалап отыр. Аса беделді халықаралық бұл ұйым өз өкілдігін Алматыда 1995 жылы ашып, оның Атқару кеңесіне Қазақстан 1997 жылы мүше боп сайланған еді. Ал 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар комитеті Бүкіләлемдік мұралардың алдын-ала тізіміне елімізден 10 ескерткіш енгізді. Олардың арасында 2003-2004 жылдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені енді. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда «Жібек жолы» аталымы бойынша тағы алдын-ала қосымша тізім жасалып жатыр. Сонымен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасындағы жоспарға сәйкес ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраларының алдын-ала тізіміне кіретін әлеуетті нысандардың мәліметтер қоры жасалуда және бұл нысандардың аумақтық шекарасын айқындау жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар