Алматыда кеден саласының сарапшылары халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату мәселесін талқылады

Мамандардың айтуынша, кедендік бақылауға жаңа технологияларды енгізу - заман талабы. Сарапшылар кеден қызметіне ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып, жұмысты жеделдету отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін де тиімді екенін атап өтті. «Біздің мемлекетіміз 2010 жылдан бастап, Кеден одағына қосылғалы бері мұндай семинарлар жиі өткізіледі. Осындай семинарларды ұйымдастырудағы басты мақсат шетелдік, халықаралық тәжірибемен бөлісу. Біздің мемлекетіміз бұл салада жаңадан кіріп жатқан ғой, кеден саласының өзі жасалғалы бері жиырма жыл өтті. Біз жаңа уақыттарға жаңа талаптар қойылып жатыр. Сол арқылы кәсіпкерлердің жұмысын оңайлату көзделіп отыр», - деді кедендік декларациялауды және кедендік тазартуды бақылау бөлімінің басшысы Ғалымжан Әуезов. Жиын барысында Қырғыз және Тәжікстан Республикасының сарапшылары алдағы уақытта мұндай жаңашылдықтарды өз елдерінің тәжірибелеріне енгізетінін жеткізді.