19:24, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі азайды
АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі азайды. Бұл бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалығымен бағаларды қадағалау және инфляциялық үдерістерді тоқтату мәселелері бойынша өткен алқалы жиында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тауар әкелуден түсетін кедендік алымдар мен салықтардың көлемі салыстырмалы түрде азайып отыр. Мәселен, негізгі азық түлік тауарларының бюджеттік шығыны 23 миллиард теңгеден асады», дейді қалалық кедендік бақылау департаментінің бастығы Мұрат Баймұханбетов. Оның айтуынша, осыған қарамастан азық-түлік пен алғашқы кезектегі тауарларды әкелу ұлғайып отыр. Оған желтоқсанның 28-індегі қаулы бойынша импорттық тауарлар алымының 15 пайыздан нөл пайыздық мөлшерлемеге дейін азаюы өз ықпалын тигізуде.