Алматыда кейбір көшелерімен көлік жүрмейтін болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кейбір көшелер демалыс күндері автокөліктер үшін жабылып, жаяу жүргін жолына айналатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда кейбір көшелерімен көлік жүрмейтін болады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл мәселені сарапшылармен талқылаған.

«Бұл учаскелер жаяу жүргіншілерге арналатын болады. Нақты қай көшелер екенін кейін айтатын боламыз», - деді әкім Twitter парақшасында .

Бұған дейін қала әкімі 2 айға созылған карантиннен кейін қалан экономикасының қалпына келуі туралы айтқан болатын.