Алматыда кезекті рет жер сілкінді
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 223 шақырым жерде 3,7 магнитудасымен жер сілкінісі болды.
Бұл туралы ҚР Білім және Ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясынан хабарлады.
Жерасты дүмпулер 6 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 07:52-де (Гринвич бойынша 01:52-де) тіркелді. Оның ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым тереңдікте орналасты. Дүмпулердің сезілуі туралы мәліметтер келіп түскен жоқ. Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының ақпаратынша, жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 8,5.