Алматыда қоқиқаздардың көбеюіне жағдай жасау үшін алып айна орнатылды

Бұл бостандығынан айрылған құстарды алдауға арналған. Зерттеушілердің айтуынша, өздерінің көптігіне көз жеткізген қоқиқаздар күйзелістен тезірек айығады, әрі көбірек жұмыртқалайды.
Бүгінде хайуанаттар бағында 20 қоқиқаз мекендейді. Олар 2008 жылы Кубадан әкелінген.
Қызыл кітапқа енген қоқиқазды зерттеу орнитологтар үшін үлкен қиындық тудырады. Олар әдетте адам аяғы жете бермейтін сазды, балшықты жерлерді мекендейді. Жабайы табиғат аясында олардың ұя басу кезеңін бақылау қиынның қиыны.
Ал зообақта оларды бақылау оңай. Мұқият бағып-қағудың өзінде қанаттылар зообақ басшылығын біраз әбігерге салды. Алғаш түлеген соң-ақ қоқиқаздар алқызыл түсін жоғалта бастады. Алайда мамандар олардың денсаулығын жақсы деп бағалап отыр.
Айнамен экспериментті ең алғаш Австралия зообағының қызметкерлері жасаған. Сондай-ақ Германия, Швейцария, Англия, АҚШ-та 12 жыл ішінде 148 балапан балапан шығарылды.