Алматыда көлік қаққан жаяу адам оқиға орнында мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алматының Бұқтырма көшесінде жол-көлік оқиғасы болған.

«Тойота Королла» көлігі Бұқтырма көшесімен Талғар тасжолына кететін бағытта келе жатқан.

Жол қараңғы болған соң жүргізуші көшені кесіп өтіп бара жатқан адамды байқамай қалған. Автомашина бар жылдамдығымен келіп, жаяу кісіні соққан.

Салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенше сол жерде қайтыс болды.

«Өкінішке қарай, марқұмның кім екенін, жеке тұлғасын бірден анықтау мүмкін болмады. Бұл іспен анықтаушылар айналысып жатыр» деп мәлім етті полицияның баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар