Алматыда компьютерлік клубқа жасалған қарақшылық шабуылдың нәтижесінде бір адам өлтіріліп, екі адам жарақаттанды

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда «Маус» компьютерлік клубына қарақшылық шабуыл жасаудың нәтижесінде бір адам өлтіріліп, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Осылайша, ағымдағы жылдың 2 маусымында шамамен сағат 3-тен 40 минут кеткенде 20-25 жасар азиаттық екі белгісіз жас жігіт, пышақпен қорқытып, Республикалық физика-математикалық мектебінде он бірінші сыныпта оқитын үш оқушыдан ұялы телефондарын тартып алып, клубқа келген басқа адамдармен төбелес шығарған.

Нәтижесінде, 1990 жылы туған бір алматылық азамат оқиға орнында қаза тапқан, екіншісі, 1989 жылы туған азамат ауруханаға жатқызылған. Үшінші жас жігіт «оң жақ санының кесілген жарасы» диагнозымен медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Қылмыскерлер клуб әкімшісінен 80 мың теңге касса жиынын тартып алып, белгісіз бағытқа кеткен. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа қатысты адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар