Алматыда қоңырау шалып, елді дүрліктірген азамат ұсталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы полицейлері бір сағат бұрын телефон шалып, тұрғындарды дүрліктірген адамды ұстады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешкі сағат бестер шамасында жедел басқармаға Түркісіб ауданындағы №67 үйдің бір пәтерінде жарылғыш зат бар деген ақпарат келіп түскен. «102» операторына қоңырау шалушы өз аты-жөнін айтудан бас тартып, ақпараттың рас екендігін жеткізген.

Полицейлер сыртқы экипаж қызметкерлерін, жол полицейлері және участкелік инспекторларды жұмылдыра отырып, аталмыш үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіре бастайды. Ал криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері қоңырау шалушының мекен-жайын анықтап, оны ұстауға кіріседі.

«Қоңырау шалушы үрейленген көршілерімен бірге аулаға шығып, жедел қызметкерлердің жұмысын бақылаған осы үйдің 50 жасар тұрғыны болып шықты. Үйді жіті тексеру жұмысына ТЖ қызметкерлері мен итпен құтқару мамандары қатысты», дейді Түркісіб аудандық ІІБ-ның бастығы полиция полковнигі Нұрлан Мошқалов.

Абырой болғанда ақпарат жалған болып, қоңырау шалып елді дүрліктіріп жүрген тұрғын ұсталды. Бала кезінен қалалық жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде тұрған Николайдың науқас екені бірден білінген. Еркек ғарыштан көршінің пәтерінде жарылғыш зат бар деген белгі келгеннен кейін қоңырау шалуға кіріскендігін айтады. Дегенмен мұндай елестің соңы шұғыл қызмет пен полицейлердің алтын уақытын кетіріп, мемлекет қазынасына шығын әкелді.

Соңғы жаңалықтар