Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртке оранды: 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртке оранды: 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртке оранды: 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды (ФОТО)

Оның айтуынша, Түрксіб ауданы, «Жұлдыз-2» шағын ауданындағы №29 үйдің балконы өртеніп жатқаны туралы хабарлама 11:50-де түскен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт көлемі 10 шаршы метрді құраған. Тілсіз жау 12:31-де ауыздықталды.