Алматыда көрме-жәрмеңке болады

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда ақпанның 27-28-і және наурыздың 1-і күндері Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған дәстүрлі Орталық Азиялық халық қолөнерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қызғалдақтар уақыты» деп аталатын жәрмеңкеге Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түркіменстанның және Ресейдің 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысады. 13 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара дәстүрлі өнер мен көлөнерді дамыту және халықаралық мәдени байланыстарды кеңейту мақсатын көздейді. Жәрмеңкемен қатар ұйымдастырушылар «Біз кесте» дәстүрлі тігу өнері бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырмақ. Оны белгілі суретші Зейнелхан Мұхамеджанов өткізеді. Мәдени шараның ұйымдастырушылары - «Our Heritage» қоғамдық қоры және «Бақыт» декоративті-қолданбалы өнер орталығы.
Соңғы жаңалықтар