Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда коронавирус бойынша эпидахуал әлі нашарлап жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада нашарлап кетті. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус бойынша эпидахуал әлі нашарлап жатыр

Спикер өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда КВИ жұқтыру жағдайларының саны 1,4 есе өскенін, атап айтқанда 5790-нан 8393 жағдайға дейін көбейгенін, тәуліктік өсім 1,5% артқанын айтты.

Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 1 тамызда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1540 жағдайы тіркелген, оның 1404-і - симптоммен, 136-сы – симптомсыз.

198 адам сауығып шыққан, 439 адам ауруханаға түскен.

Инфекциялық стационарларда (7 045 орын) 4 930 адам (240 бала) жатыр. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатқан сырқаттар саны – 310.

ӨЖЖ аппаратына - 42, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратына - 135, High flow аппаратына - 111 науқас қосылған.

Бүгінгі күнде үйде алғашқы медициналық-санитарлық көмек және телемедицина орталығының мобильді бригадаларының бақылауында 10 070 пациент жатыр.

Оның 9564-і – жеңіл және орташа дәрежедегі симптоммен, 506-сы – симптомсыз.

Сондай-ақ 1 ақпан мен 1 тамыз аралығында бірінші компонентпен 725 575 адам вакциналанған.

Өткен тәулікте 4 971 вакциналанған. 60 жастан асқан екпе алғандардың жалпы саны 99 587 адам.

Қалада медициналық мекемелерде, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және СОСО-да 158 вакцинация пункті жұмыс істейді.

1 038 адамнан тұратын 234 егу бригадасы жұмылдырылған.