Алматыда коронавирус жұқтырған 1,4 мың адам ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 430 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 1,4 мың адам ауруханада жатыр

25 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 126 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 212, келіп түскені – 232.

«Инфекциялық стационарларда 1 430 адам бар (төсек-орын саны 3310 ). Оның ішінде 150 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 90 адам жатыр.

Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 31 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 509 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 831 науқас.

Симптомсыз 678 науқас бар.