Алматыда коронавирус жұқтырған 32 науқастың жағдайы өте ауыр
Оның айтуынша, пандемия басталғалы Алматыда коронавирус инфекцияның 33 557 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдық белгілері бар – 22 656 адам, ал симптомсыз – 10 901.
Емделгендер саны – 26 820. Қайтыс болғандар саны – 452.
Ал, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирусты пневмония бойынша 1 666 жағдай тіркелді.
«2021 жылдың 29 наурыз күні коронавирус инфекцияның 545 жаңа жағдайы тіркелді, оның 468-і симптомдық белгілері бар және 77 симптомсыз. Барлық инфекциялық стационарда 5 000 төсек-орын бар, ал ем алып жатқандар саны 2 696 адам, оның 108-і бала. Оның ішінде жағдайы аса ауыр науқастар саны – 32, ауыр түрде – 302, ауырлықтың орташа дәрежеде – 2 362 адам бар», - деді Нариман Табынбаев.
Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде – 135 науқас бар, онда бос төсек-орын саны - 285.
Оған қоса ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 55, High flow-да 42 аппарат жұмыс істейді.
«Бір тәулік ішінде 262 науқас қабылданды, стационардан 317 науқас шығарылды, сауыққандар саны – 210. Қайтыс болғандар саны тіркелмеді», - деді басқарма басшысы.