Алматыда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 43 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда былтыр көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 43 мыңнан астам адам жауапкершіліке тартылды. Бұл бүгін қалалық ішкі істер департаменті қызметінің 2008 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқалы жиында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылы қалада қылмыстық ахуалдың күрделенгені байқалды. Бұл ахуал жаз бен күз айларында құрылыс саласында көрініс тапты. Онда 61 мыңнан астам құрылысшы жұмыссыз қалған болатын. Олардың басым бөлігін сырттан келгендер құрады. Баспанасыз және қаражатсыз қалғандардың бір бөлігі қылмыс жасаушылардың нысанына айналды немесе оған өздері тартылды. Сол себепті дәл осы кезеңдерде ауыр қылмыстардың саны өсті. Кісі өлімі, қарақшылық шабуыл, тонаушылық пен көше қылмыстары көбейді. Сондықтан жаяу және көліктегі патрульдер 2 есеге көбейтілді. Қоғамдық тәртіпті күзетуге қосымша 2 мың полиция көмекшілері мен 450 ішкі әскер сарбаздары тартылды. Миграциялық бақылау жұмысы қатайтылды», дейді қалалық ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, бір жылдың ішінде көші-қон заңнамасы бойынша 43 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 мыңнан астам шетелдік ел аумағынан шығарылған. Оның 2,5 мыңы сот шешімі бойынша елдеріне қайтарылды. Сондай-ақ тағы 2600 адам Қазақстанда болу мерзімі аяқталуына байланысты елден шығарылды. Соның нәтижесінде былтыр мигранттар тасқыны тоқтатылып, жыл соңында алдыңғы жылмен салыстырғанда тіркелгендердің саны 50 мың адамға аз болды.
Соңғы жаңалықтар