Алматыда ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыдағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтеді, 

Алматыда ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Концерт 2 бөлімнен тұрады. Онда танымал музыкант  В.Моцарт, Л.Бетховен, С.Прокофьевтің шығармалары орындалады. Ж.Әубәкірова жақында консерваторияның студенттік симфониялық оркестрімен АҚШ-тың 5 қаласында концерт беріп қайтқан болатын. Концерттер Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Вашингтон, Бостон мен Нью-Иорктың ең танымал залдарында өткен.

 Қазақ ұлттық консерваториясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жания Әубәкірова 10 желтоқсанда Германияның Лейпциг қаласында жеке концертін бермек.