13:04, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Алматыда ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған «Өз таңдауыңды жаса» атты көрме өтті
АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған «Өз таңдауыңды жаса» атты көрме өтті.

Көрменің басым бөлігі Қазақстанда өткен президенттік және парламенттік сайлаулардағы тарихқа арналған. Көрменің мақсаты - ел Конституциясының маңыздылығын сайлау жүйесі мен сайлау науқандарындағы жиналған тәжірибе арқылы түсіндіру. Көрмеге мұражай қорындағы суреттер, ҚР Президенті мұрағатынан алынған құжаттардың көшірмесі, тақырып бойынша баспа бетінде жарияланған туындылар қойылды.