Алматыда құбыр жарылып, жерден ыстық су атқылады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тұрғын үй кешенінің маңында жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Белгілі болғанындай, 16 қаңтарда түнде Алмалы ауданы Сайран көлінің маңында орналасқан «Жайлы» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Салдарынан бірнеше көпқабатты үй уақытша жылусыз қалды.

Алматы қалалық коммуналдық қызмет өкілнің айтуынша, жарылған жылу құбыры тұрғын үй кешенінің баланасында.

«Таңғы сағат 3 пен 4-тің арасында ішкі учаскеде жылу құбыры жарылды. Біздің мамандар апат орнына барып, оны қалпына келтіруге көмектесті. Таңғы сағат 8-ге қарай үйлерге жылу берілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - деді Алматы қаласы Жылу энерго кешені және ТКШ ресми өкілі Ян Гирин.

Оның айтуынша, құбыр 2003 жылы пайдалануға берілген. Оның диаметрі 150 сантиметр.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар