Алматыда "Күлкі күні" мерекесі өтуде

Ы. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда "Қиял ғажайып әлемі" паркінде "Күлкі күні" мерекесі өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Аяла" және "Дара" қайырымдылық қорларының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға Алматы қаласындағы төрт балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 700-ден аса балалар қатысуда. Олар "Қиял ғажайып әлемі" паркі тегін ұсынған аттракциондарында көңіл көтеруде. Сондай-ақ, бағдарлама аясында балаларға арналып эстрада жұлдыздары мен танымал музыканттардың қатысуымен концерттік бағдарламалар мен цирк әртістерінің қойылымдары қойылады.

"Бұл мерекені осымен 3-ші рет өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз балаларға қуаныш сыйлау, көңілдерін көтеру, қамқор адамдар бар екендігін көрсету. Негізінен мереке - өте позитивті, пайдалы, тіпті дағдарысқа қарсы арналған шара деуге болады. Күлкі жастық пен әдемілікті сыйлайтынын және ол жетістікке жеткізетінін ескерсек, біз де өз тарапымыздан қуаныш пен жақсылықты сыйлағанымызға қуаныштымыз", деді "Аяла" қайырымдылық қоры Президентінің кеңесшісі Жангелді Сарсенов. Оның айтуынша бұл күні барлық балаға әдеттегідей сыйлықтар, базарлықтар табыс етіледі.

Сыйлықтарды Бірінші Президент қоры және "Глория" туристік компаниясы ұсынған. Сонымен қатар, бұл шараға 11-ден аса ұйымдар мен компаниялар және мейрамханалар демеушілік көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар