Алматыда құрылыс вагоншасында болған өртте 6 жасар бала мерт болды, тағы бірі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда құрылыс вагоншасында болған өртте 6 жасар бала мерт болды, тағы бірі ауруханаға жеткізілді.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні түс ауа, Түрксіб ауданы Красногорская көшесіндегі №2-інші учаскіде болды. Құрылыс вагоншасынан шыққан өрт көршілердің көмегімен ауыздықталды.

Тілсіз жаудың шарпыған аумағы 10 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 6 жасар екі ағайынды ысты газға уланып қалды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар