Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты - ІІД өкілі

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты күйде қалып отыр.Бұл туралы бүгін арнайы өткен брифинг барысында қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Қанат Сарымсақов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қанат Сарымсақовтың айтуынша, жыл басына бері жасалған бірнеше қылмыстың беті ашылған. Мәселен, атышулы қылмыстардың бірі - бірнеше автотұрақ пен қымбат көлік иелеріне жасалған шабуыл жасау әшкереленген. Шара нәтижесінде қылмыстық топ құрықталып, 2 апта бұрын жоғалған 3 қымбат көлік табылған. Олардың былтыр жасалған ұқсас қылмыстарға да қатысы барлығы анықталды. Бұнымен қатар жанармай бекеттері мен фирмалардың офистеріне қарақшылық шабуыл жасаған Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ұсталған. «Түркісіб ауданындағы дүкен сатушысын өлтіріп, 140 мың теңге мен ұялы телефон карточкаларын алып кеткендер де іздерін жасыра алмады. Қазір Алматы облысының 2 тұрғыны ұсталып, тергеу жүріп жатыр», - дейді Қанат Сарымсақов. Ол сондай-ақ осы айдың басында «Общественная позиция» газетінің тілшісін тонап кеткен Оңтүстік Қазақстан облысының 3 азаматының құрықталғанын жеткізді. Олар тілшінің фотоаппаратын, ұялы телефон, плеерін алып кеткен. «Қазіргі кезде жалпы криминогендік жағдай тұрақты қалып отыр. Осы айда өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 15 пайызға төмендеді», - дейді полиция басқармасының бөлім бастығы.
Соңғы жаңалықтар