Алматыда қысқы Азия ойындарына еріктілер іріктелуде

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыда қысқы Азиядаға еріктілерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Әзірге 2275 адам тілек білдіріп, оның 1500-і іріктелді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов атап өткендей, бұл айтулы шараның саяси маңызы да зор. Сондықтан, Елбасы Азияданың өз деңгейінде ұйымдастырылуына көп көңіл бөліп отыр.

Еріктілерді іріктеу кеше басталған болатын. Осы айдың 17-не дейін жалғасатын шараға қатысуға ниет танытушылар көбеюде. Бүгінгі тестілеу сынағының қорытындысы бойынша 1500 адам қабылданды. Олардың 500-і ағылшын тілін жақсы меңгергендіктен гид қызметін атқаратын болады. Ал тестілеу сынақтарын Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары жүргізді.

Соңғы жаңалықтар