Алматыда «Леди 4 WD» атты әйелдер арасында джип-триал бойынша жарыс өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда наурыздың7-де, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сайран көлінің аумағында «Леди 4 WD» атты әйелдер арасында джип-триал бойынша жарыс өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сайыстың басты талабы бойынша әр экипаждың бірінші пилоты міндетті түрде әйел адам болуы тиіс, оған 20 экипаж қатысты. Жарысқа арнайы дайындығы жоқ автокөліктер ғана жіберілді. Осындай форматтағы, яғни әйелдерге арналған әуесқой санаттағы бәйге ТМД елдерінің ішінде тек біздің мемлекетте ғана өткізіліп отыр. Осы тектес сайыстардың негізі республикада 1999 жылдан бастау алған болатын. 500 метрге созылған жарыс жолы табиғи кедергілерден тұрады. Жарыс ережесі бойынша жол жиегіндегі жалаушаларға соқтығып өткені үшін 5 секунд, құлатылған жалауша үшін 10 секунд айып уақыты белгіленеді. Сайыста әрбір команданың кедергілерден сәтті өтуі мен жүру уақыттары бағаланды. Үздік нәтижелер көрсеткен бес команда финалға өтті. Ақтық сайыстағы көрсеткіштер бірінші кезеңнің ұпайымен қосылып, соңында жүлделі орынға ие болғандар анықталды. Автомобиль жүргізуші әйелдердің сынына 2008 жылғы Қазақстан ашық кубогінің жүлдегері Александр Зайцев, ҚР Автомотоспорт федерациясының трофи-рейд комитетінің техникалық комиссары Иван Гончаров, белгілі джип жүргізушісі Дмитрий Ан төрелік етті.«Леди 4 WD» жарысының жеңімпаздары «Жесть» түнгі клубында марапатталды.
Соңғы жаңалықтар