Алматыда лифт қызметі 8,5%-ға арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үйлер лифтілеріне қызмет көрсететін сервистік компаниялар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ынтымақтастық аясында қаладағы лифтілердің 80%-ына иелік ететін «Алматылифт» ЖШС, «Лифт-Кызмет Сервис» ЖШС, «Лифт-комплекс» ЖШС, «Лифтинвест» ЖШС, «KazliftStade» ЖШС, «Казлифт-монтаж» ЖШС компаниялары тарифті 8,5%-ға арзандататын болды. Тарифтің арзандауы тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасы мен көлеміне әсер етпейді.

Бүгінде Алматыда 4 мың лифт бар. Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қалада Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Шара аясында соңғы 3 жылда 512 лифтінің қызмет көрсету уақытының өтіп кеткені анықталған.

Айта кетейік, меморандум коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында қол қойылды.

 

Авторы: Таңшоплан Бегалықызы 

Соңғы жаңалықтар