Алматыда LRT желісі 2020 жылы салына бастайды
«LRT желісінің құрылысы 2020 жылға жоспарланған. Жобаның инвестициялық құнына келер болсақ, техникалық экономикалық негіздеме бойынша инфрақұрылым- 56 907 млн теңге ( депо құрылысын қосқанда), жылжымалы құрам - 36 512 млн теңге тұрады. Барлығы - 94 203 млн теңге (қосымша құн салығын қоса алғанда) болады», - деді басқарма ресми жауабында.
Сонымен қатар, бұл жобаны DBFOM (жобалау, құрылыс, қаржыландыру, пайдалануға беру, жəне қызмет көрсету) моделі бойынша мемлекеттік- жекешелік əріптестік аясында жүзеге асыру жоспарланған. Бұл үшін əріптесті іріктеу мақсатында екі кезеңді халықаралық байқау өткізіледі.
«LRT желісін рационалды салу үшін құрылыс мерзімі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде инженерлік жəне магистральдік желі салынады. Жылумен қамту жүйесі жасалады. Бұл жұмыстарды Алматы əкімдігінің жергілікті атқару органы жүзеге асырытын болады. Екінші кезеңде депо құрылысы басталады. Үшінші кезеңде LRT желісінің батыстан (G учаскесінен) шығысқа (F учаскесіне) созылған дəлізінің құрылысы басталады. Оған қоса дəліздің инфрақұрылымы жүргізіледі»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, əкімдік жеңіл рельсті көлік желісін салу үшін жолда орналасқан қажетті жер телімдерін сатып алмақ.
Қазіргі таңда Райымбек даңғылындағы нысандардың құны есептеліп жатыр