10:50, 26 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Алматыда марафон өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда марафоншылардың дәстүрлі жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осымен 10-шы рет өтіп жатқан марафонға шет мемлекеттерден де үміткерлер қатысып жатыр.
Спорт әуесқойлары келесі қашықтықтар бойынша сынға түсуде: 10 шақырым, 21,1шақырым, 42,2 шақырым, Экиден командалық эстафетасы, 10 шақырым скандинавиялық жүріс.
Қатысушылардың жас мөлшері: 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан бастап, 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарына – 18 жастан бастап, Экиден командалық эстафетасына – 16 жастан бастап.
Бұған дейін марафон қашықтықтарының өту жерлерінде 25 қыркүйек таңғы сағат 6:00-ден 26 қыркүйек кешкі сағат 18:00-ге дейін жолдардағы қозғалыс ішінара жабылатыны туралы жазған болатынбыз.