Алматыда Марис Хитахуновтың мерейтойлық көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында көрнекті ұйғыр суретшісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Марис Хитахуновтың 70 жасқа толуына арналған «Қош бол, жаз» атты мерейтойлық көрмесі ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Көрмеге суретшінің ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы мен ҚР Көркемсурет көрмелерінің дирекциясының қорынан, сонымен қатар суретшінің өз отбасының жеке жинағынан алынған 100-ден астам кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылған.Көрме 1989 жылы «Жазушы» баспасынан ұйғыр тілінде жарыққа шыққан, өзінің ауыр тағдыры жайлы, өз күш-қайраты мен ерік-жігерін сол қасіретке қарсы жұмсаған өмірі жайлы әңгімелейтін «Қош бол, жаз» атты романының атымен аталған. Оның туындыларының кейіпкерлері ? әр жерде тұратын түрлі мамандық иелері мен түрлі ұлт өкілдері. Автордың «Туған ел әуендері» топтамасындағы пейзажда ол өзі туып-өскен, туған қыстағын бейнелейді. Сондай-ақ, М. Хитахуновтың жұмыстарын ҚР Суретшілер одағының (Алматы) қорынан, Орталық Кеңес әскерлерінің мұражайы мен Мемлекеттік Третьяков мұражайынан (Мәскеу), Донецк қаласындағы облыстық көркемсурет мұражайынан, бұған қоса Қазақстанның, Қытайдың, Түркияның және басқа да елдердің жеке галереялары мен жинақтарынан кездестіруге болады.Көрме 2009 жылдың 26 наурызына дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар