Алматыда мектеп оқушыларының саны 300 мыңнан асты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров орта білім беру мекемелері мен арнайы мектеп-интернаттардың директорлары, сондай-ақ осы саламен айналысатын ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен білім басқармасы активінің кеңейтілген кеңесін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде Алматыда 289 мектеп жұмыс істейді. Соның ішінде 207 мемлекеттік және 82 жекеменшік.
Білім алушылар контингенті өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артып, 303 мыңға жетті.
Сонымен қатар бір жылдың ішінде жекеменшік мектептер желісі 11 мыңға артты.
12 600 орынды 8 мемлекеттік мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге 8263 орынды 17 жаңа корпус құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жыл соңына дейін 16 мың орынды 31 білім нысаны ашылады.
166 мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған (80%), 2020 жылы 157 мектеп, 2019 жылы 135 мектеп болды.
Мектептерде пандемияны ескере отырып, оқу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Оқу орындарында 21 мыңнан астам мұғалім, 18 мыңнан астам мемлекеттік мектеп қызметкерлері жұмыс істейді.
Мемлекеттік білім ұйымдарының барлық қызметкерлері 100% екпе алды.
Сонымен қатар, барлық мектептер Ashyq жобасының қатысушылары болып табылады (QR-мен кіру бақылау жүйесі орнатылған), қажетті дезинфекциялық және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген.
Дене қызуы, кварцтау мен желдету режимін өлшеу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.
Сонымен қатар, барлық мектептерде жұқтыру қаупінің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіледі және оқушыларға сақтық шараларын түсіндіру бойынша сынып сағаттары өткізіледі.
Кеңесте 8 арнайы мекеме-түзету интернаттарының жұмысы қаралды. Олардың негізгі мақсаты – баланың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу және оны кейіннен қоғамға біріктіру.
Коррекциялық қолдау дефектологтармен, логопедтермен, сурдопедагогтармен, тифлопедагогтармен, психологтармен және әлеуметтік педагогтармен көрсетіледі.
Барлық ұйымдар арнайы оқу бағдарламаларымен және оқулықтармен толық көлемде қамтамасыз етілген, интерактивті тақталармен, шеберханалармен, сенсорлық және ойын кабинеттерімен жабдықталған.
Интернаттардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды: әкімдік 1129 ноутбук және 331 планшет сатып алып, интернаттарға берді.
Әр бала үшін оның психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, даму бағдарламасы жасалды.
Отырыста сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың құқығын қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстар қаралды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін «Жанұя» мамандандырылған кешені, «Жастар үйі» әлеуметтік мекемелерінің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы, «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» ММ, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары (балалар үйі) жұмыс істейді.
Алматыда 29 жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 17 пәтер берілді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектері арасында 2 ЖОО-ға оқуға құжат тапсырып, 32-сі колледжге түсті.
Кеңес барысында білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева көпбалалы аналар қозғалысының белсендісі Ирина Ким сөз сөйлеп, бірқатар мектеп пен интернаттардың директорлардың баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары, мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сөз сөйледі.
Күрделі эпидемиологиялық ахуал аясында мектептерде профилактикалық медициналық тексеру жүргізу, санитарлық нормаларды қатаң сақтау, сондай-ақ тұмауға қарсы вакциналау және COVID-19-ға қарсы ерікті вакциналау мәселелерін түсіндіру мәселелері көтерілді.
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жұмысты күшейтуді қажет ететін бағыттарды белгіледі.
Бұл - оқу процесін ұйымдастыру, мектептерде сапалы тамақтану және жан басына қаржыландыру, педагогтарды олардың кәсіби міндеттерімен, педагогтердің функцияларына тән емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу, мектептер мен балалардың әлеуметтік мекемелерінде санэпидемиологиялық режимде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инклюзивті оқытуды ұйымдастыру және жұмысын реттестіру.