Алматыда мүгедектігі бар балаларға арнаулы көмек көрсетудің төлем мөлшері бекітілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыда мүгедектігі бар балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға өңірлік бюджет есебінен берілетін төлем көлемі бекітілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мүгедектігі бар балаларға арнаулы көмек көрсетудің төлем мөлшері бекітілмек

«Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін», - делінген «Ашық» НҚА прталында жариыланған әкімдік қаулысында.

Құжатта көрсетілгендей, қазір арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алу үшін 1 433 мүгедектігі бар бала кезекте тұр.

Қалалық білім басқармасы 1 бала үшін сағатына маманның жұмысы үшін мынадай сома бөлуді ұсынды:

Психолог – 7 216 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);

Логопед – 7 619 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);

Дефектолог – 7 755 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);

Тифлопедагог – 7 729 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);

Олигофренопедагог – 7 917 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);

Сурдопедагог – 7 593 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы – 7 212 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін).

Әкімдік қаулысы 22 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.