Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматтан өткен жарыстың жеңімпаздары анықталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында шахматтан қалалық біріншілік өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық спорт басқармасынан хабарлағандай, жарысқа 50- ге тарта арнаулы мектеп- интернат оқушылары, студент жастар мен қала тұрғындары жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсіп, кім мықты екенін анықтады.

«Әсіресе, 2019 жылғы Италияда Сурдлимпиадалық ойындарда командалық есепте чемпион атанған, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Амангелді Наурызғалиев, Самажан Кеттебеков, Дмитрий Мочальскийлер қатысып жарыс көркін қыздырды. Одан басқа ҚР халықаралық дәрежедегі 4 спорт шебері, 2 спорт шебері мен 3 спорт шеберлігіне үміткер шахматшылар қатысып өз шеберліктерін көрсетті», - деп хабарлады спорт басқармасында.

Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде 18 жасқа дейінгі ер балалар арасында:

I-орын Оралбаев Дінмұхамед (Бостандық ауданы)

II-орын Ковалевский Артем (Жетісу ауданы)

III-орын Носов Роман (Түрксіб ауданы)

III-орын Супиев Арзуддин (Жетісу ауданы)

18 жасқа дейінгі қыздар арасында:

I-орын Лим Алина (Бостандық ауданы)

II-орын Жүсіпбек Назым (Бостандық ауданы)

III-орын Баймолда Алтын (Бостандық ауданы)

III-орын Абилжан Сабина (Бостандық ауданы)

19-40 жас аралығы (ерлер)

I-орын Германов Александр (Бостандық ауданы)

II-орын Коробкин Денис (Бостандық ауданы)

III-орын Шапағат Аслан (Бостандық ауданы)

III-орын Әділхан Мұхамеджан (Бостандық ауданы)

19-40 жас аралығы (әйелдер)

I-орын Несіпжан Ләйлі (Әуезов ауданы)

II-орын Есімова Аружан (Түрксіб ауданы)

III-орын Юбурова Наргиза (Бостандық ауданы)

40 жастан жоғары ерлер арасында:

I-орын Наурызғалиев Амангелді (Әуезов ауданы)

II-орын Мочальский Дмитрий (Медеу ауданы)

III-орын Кенжебеков Нұрәділ (Түрксіб ауданы)

III-орын Стукачев Анатолий (Алатау ауданы)

40 жастан жоғары әйелдер арасында:

I-орын Жуковская Нина (Алатау ауданы)

II-орын Абдраманова Аслима (Ауезов ауданы)

III-орын Курмашева Назира (Жетісу ауданы)

III-орын Коралева Вера (Әуезов ауданы)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының медальдарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Еске салсақ, бүгін Астанада Қазақстанның шахматшы қыздары мен әлем құрамасы арасындағы матч басталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram