10:30, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматыда "Мұңлық-Зарлық" атты анимациялық мультфильмнің тұсаукесері өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда маусым айының 1-і күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Искра" кинотеатрында тұңғыш рет ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген "Мұңлық-Зарлық" атты анимациялық мультфильмнің тұсаукесері өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халық ауыз әдебиетінің жауһарына айналған "Мұңлық-Зарлық" аңызын отандық "Сақ" киностудиясының жас білікті мамандары Дулат Исабековтің шығармасының желісі бойынша түсірген. 20 минуттық көлемдегі балалар мен бұқара көпшілікке арналған мультфильмнің сценариін жазған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков, музыкамен әрлеген сазгер - Арман Дүйсенов, ал режиссері Мәдениет қайраткері- Батырхан Дәуренбеков.