11:36, 10 Тамыз 2020 | GMT +5
Алматыда Наурызбай аудандық сотының төрағасы оқыс жағдайда көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше 9 тамыз күні 54 жасында белгілі заңгер, Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов оқыс жағдайда көз жұмған.
«Алматы судьялар қауымдастығы атынан марқұмның туған-туыстарына, отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қайғы. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және оның есімі ҚР сот жүйесінің тарихында қалады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Фото: otyrar.kz