Алматыда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы депутаттарының аймақтық форумы өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / –Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Президентінің кеңесшісі Дархан Қалетаевтың қатысуымен партияның қалалық филиалы депутаттарының аймақтық форумы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форум депутаттық корпус өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдармен «Нұр Отан» ХДП Халықтық Тұғырнамасының орындалуын және қаржы дағдарысына қарсы іс-әрекеттерді кеңінен талдау мақсатында өткізілді. Форумды Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ахметжан Есімов ашып, қаладағы сайлау алдында партия тарапынан қабылданған Халықтық Тұғырнама бағдарламасының орындалуы туралы мәлім етті. Қала әкімі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен білім беру, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерінің бүгінгі жай-күйі жайлы атап өтті. Оның айтуынша, дағдарыс жағдайында әлеуметтік және денсаулық сақтау, білім беру жөніндегі бағдарламалар толық орындалған. Тек экономикалық салада төмендеу бар. Мәселен, өндіріс 11 пайызға, инвестиция көлемі 12 пайызға, шағын және орта бизнес 14 пайызға төмендеген. Соңғы 3 айда жұмыссыздар саны 47 мыңды құраған. «Осы бағытта қаланың дағдарысқа қарсы бағдарламасын Үкімет қолдады. Ендігі уақытта партияның Халықтық Тұғырнамасында көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру бағытында дағдарысқа қарсы бағдарламаны қолдану арқылы жүзеге асырамыз. Бұл ретте біздің алдымызда тұрғын үй мәселесін шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, индустриялық даму, әлеуметтік саланы қолдау бағытында жұмыстар атқаратын боламыз», деді қала әкімі. Шараға қатысқан «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Алматының саяси-экономикалық аса маңызды орталық екендігіне тоқталып, осындай отырыстардың бұған дейін барлық облыстарда, өткенін, бүгінгі шараның соңғы форум екендігін айтты. Оның айтуынша алдағы уақытта Астанада қорытынды форум өткізіліп, онда сайлау алды бағдарламаның қорытындысы шығарылып, жаңа стратегиялық даму бағыттары қаралатын болады. Шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депуттары, Алматы қалалық мәслихатының 27-і депутаты, қаладағы барлық басқармалар мен департамент басшылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Форум соңында мемлекттік билік орындарына, кәсіпорындар мен қала азаматтарына арналған үндеу қабылданды.
Соңғы жаңалықтар