Алматыда «Нұрсұлтан-2009» альпиниадасы өтті

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда өткен «Нұрсұлтан-2009» альпиниадасында биіктігі 4376 метрлік шыңға көтерілу сынында Рафаэль Файзулин жеңімпаз атанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана күні қарсаңында Нұрсұлтан шыңына  214 адам көтерілді. Оған жылдам шығу жағынан  Рафаэль Файзулин үздік болды. Одан кейінгі орындарды   Андрей Пучинин, Тимур Артюхин, Михаил Головко мен Диас Қасымов бөлісті. Онда үздік ондықтың қатарына әйелдерден Екатерина Андреева енді. Шыңға 2 сағат 35 минут 8 секундта көтерілген Екатерина 9-шы орынға ие болды. Ал Ксения Маева 13-ші  орынды қанағат тұтты. Жарысқа  Николай Червоненко бастаған қазылар алқасы төрелік жасаған болатын. Альпиниада қорытындысында жеңімпаздар сый-сияпатқа, ал өзге қатысушылар арнайы сертификатқа ие болды.

Соңғы жаңалықтар