Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР Тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» кітап көрмесі ашылды.
None
None

Оның мақсаты - ел Көшбасшысының егемен Қазақстанды қалыптастырудағы және дамытудағы тарихи рөлін көрсету.

Көрме жеті бөлімнен тұрады. Бірінші «Менің Қазақстаным» бөлімі мемлекетіміздің тарихы, өзінің тәуелсіздігін алуы туралы баяндайды. Екінші «Н.Назарбаевтың еңбектері» бөлімінде Мемлекет басшысының кітаптары, баяндамалары, өлеңдері, сұхбаттары, жолдаулары, құттықтаулары қойылған. Үшінші «Өмірі және қызметі» бөлімінде Н.Назарбаевтың өмірбаяны бойынша оқыған жылдары, еңбек жолын және саяси мансабын бастауы, сайлаулар және ұлықтау шаралары, марапаттары мен атақтары туралы әдебиеттер қойылған.

Келесі бөлім - «Мемлекет және Президент» - Қазақстанның мемлекеттік құрылымы, оның заңнамалық-құқықтық саясаты және ҚР Конституциясы қойылған. «Ішкі саясат» бөлімінде елдің экономикалық және әлеуметтік саяси өмірі, азаматтық қоғамды дамыту туралы әдебиеттер бар. «Сыртқы саясат» атты алтыншы бөлімге Қазақстанның басқа елдермен ынтымақтастығы, ШЫҰ, АӨІСШК, ЕО сияқты халықаралық ұйымдарға қатысуы және ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы материалдар топтастырылған.

Соңғы бөлімде Н.Назарбаевтың ҚР Ұлттық кітапханасында болуы және оның басылымдары туралы материалдар ұсынылады.

Көрме аясында Ұлттық кітапханада 1993 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан елдің Тұңғыш Президенті туралы мәліметттер базасы негізінде жасалған осы аттас электрондық кітапхананың таныстырылымы болды. Онда Мемлекет басшысының өмірі мен қызметі туралы ғұмырнамалық 16 мыңнан астам мәліметтер бар, оның 7011-і қазақ тілінде, 8304-і орыс тілінде, 1305-і - шетел тілдерінде.

Соңғы жаңалықтар