Алматыда облыстық ардагерлер ұйымдарының жетекшілеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтіп жатыр
Кеше басталған семинар-кеңестің мақсаты облыстар мен Астана қаласы ардагерлер ұйымдарының басшыларына Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің тәжірибесін үйрету. Бұл мақсатта қалалық әкімшілікте арнайы жиын өтіп, онда Алматы қаласындағы кеңестің жұмысы таныстырылды. Бүгін семинарға қатысушылар қалалық кеңестің жастармен жұмысын көзбен көру мақсатында Қазақ Ұлттық университеті басшылығымен кездесіп, 2-ші шағын аудандағы ардагерлер үйінің жұмысымен танысады. Сондай-ақ 28-ші панфилов паркіндегі мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Жетісу аудандық ардагерлер ұйымының, № 148 мектеп-гимназиясында болады.
Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР ҰҒА Академигі Еренғайып Шайхуддиновтың айтуынша қалада 168 мың ардагер бар. Оның 2119-ы Ұлы отан соғысының ардагері, 21 мыңы тыл ардагері, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың 2,5 мың жесірі, Кеңес Одағының батыры, Үш дәрежелі «Даңқ» орденінің 3 иегері, 23 Социалистік Еңбек Ері, «Қазақстанның Еңбек Ері» тұрады.
«Ардагерлерге Республикалық бюджеттен, қалалық әкімшілік пен мәслихат тарапынан үлкен әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады. Мысалы 140 мың ардагер 1 айлық есептік көрсеткіш түрінде қалалық жәрдемақы алып тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілгенге, Ұлы отан соғысында қаза тапқандардың жесірлерінің комуналдық төлемдері төленеді. Қалалық бюджеттен 2 мың ардагер санаторийлерде тегін емделіп, қалалық аруханаларда тегін тіс емдеу қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ оларға ыстық, суық су есептегіш құралдары тегін орнатылуда. Ардагерлер қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүрсе, қалған зейнеткерлер елу пайыз жеңілдікпен жүре алады. Бұл жұмыстардың жүзеге асуы қалалық кеңестің жүзеге асырып отырған жұмысының нәтижесі. Бұл басқа облыстардың ардагерлер ұйымына үлкен тәжірибе болады деп ойлаймын» дейді Еренғайып Шайхуддинов.