Алматыда ОҚО тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
АЛМАТЫ, 23 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда ағымдағы жылдың 26 қазанында «Астана» алаңында Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Мұнда ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, балық өнімі, жарма, май және басқа тауарлар базардағы бағадан 10-20%-ға төмен бағамен ұсынылады. Оңтүстік Қазақсатн облысы жәрмеңкеге барлығы 222 тонна өнім жеткізеді.
Алматы қаласы басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі соңғы бес жыл бойы өтіп келеді. Оның мақсаты - қаланың азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру.