Алматыда өліммен аяқталған жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды

АЛМАТЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жол полицейлері ішімдікке мас болып, өліммен аяқталған жол апатына себепкер болған жүргізушіні ұстады. Ол автокөлік иесі көлігін тастап кеткен ТҚС жұмысшыларының бірі болып шықты, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы 1 қазанда Алматы қаласында сағат үш шамасында Сейфуллин даңғылы бойымен Тобаяқов көшесінен оңтүстікке қарай оңтүстік бағытта орын алды. Аталған жол аумағында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, темір жол жолдары көпірінің тірегіне келіп соғылған.

«Белгілі болған мәліметтерге қарағанда, жол апаты орын алғанға дейін Тойота жүргізушісі жеткілікті мөлшерде ішімдік ішкен, содан кейін жеке тасымалдаумен табыс табу мақсатында белгілі бір жолақысына жолшыбай екі адамды алған. Алайда, жолашылардың бірі - 23 жастағы жігіт соқтығысу салдарынан автокөлік салонынан құлап түсіп, алынған жарақаттардан ауруханада көз жұмды. Жүргізуші көлікті және зардап шеккен адамдарды оқиға болған жерде қалдырып, жасырынып қалған», - деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІД жол полициясы басқармасы іздестіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майор Мадияр Омаров.

Келесі күні жол полициясының жедел қызметкерлері оқиға орнынан қашып кеткен ер адамды жер үйден «ізін суытпай» тауып алды.

«Ол 1977 жылы туған Д. есімді қаланың ТҚС бірінде жұмыс істейтін Алматы облысы Іле ауданы Первомайка кентінің тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД ЖПБ-да. Сұрақ-жауап алу кезінде ұсталған адам жасаған ісін толығымен мойындады.

Белгілі болғандай, көлік иесі көлігін ТҚС-да қалдырған. Жұмысшылардың бірі осы сәтті пайдаланып, көлікті жөндеу жұмысын жүргізудің орнына автокөлікті айдап әкеткен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар