Алматыда Олжас Сүлейменовтың жүлдесі үшін волейболдан IV республикалық турнир басталды

АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменовтың жүлдесі үшін волейболдан республикалық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда Олжас Сүлейменовтың жүлдесі үшін волейболдан  IV республикалық турнир басталды

Турнирге Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан, Алматы қаласы мен облысынан командалар қатысуда. Ал Қазақ ұлттық аграрлық университеті атынан қатысатын қос команданың бірі «КазНАУ-1» тобын Олжас Сүлейменовтің өзі бастап шықты. Турнир мамырдың 16-ына дейін жалғасады.